Мақтаарал ауданының 10 елді мекені қауіпті аймақта орналасқан. Бүгінде Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық сынды бес елдімекенде қауіп сейілді, -деп хабарлады ҚазАқпарат.
Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша, су астында қалған 5 елдімекенде облыс әкімдігі, Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен қауіпсіздік шаралары жүргізулуде.
Ұйымдасқан тірліктің арқасында стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені тасқын судан аман қалды.Журналистерге арнап брифинг өткізген облыс әкімінің орынбасары Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылғанын жеткізді.
Атап айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 м, биіктігі 1,5 м. болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елді мекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м. болатын бөгет жасалса, Ырысты ауылында биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м. бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елдімекенінің маңынан ұзындығы 800 м. болатын бөгет тұрғызылды.
Сонымен қатар көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде.
«Аталған жұмыстарға 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, ТЖД 30 адам, Полиция Департаментінен 4 адам, 2 техника және 600-ден астам еріктілер бар.Көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде ерекше атап өтетіні жергілікті 600-ден астам волонтерлердің жұмысы. Жанашырларға алғысымызды білдіреміз»,- деді Сәкен Қалқаманов.