ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты
ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты
© inform.kz
225
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әсер ету қызметі интернеттегі ақпараттық қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары туралы хабардар етіп отыратын Telegram-ботты іске қосты. Атап айтқанда, Telegram-бот арқылы қазақстандықтар: - «KZ-CERT қызметтері» айдарына ақпараттық қауіпсіздіктің ықтимал қаупі және инциденті туралы хабарлай алады; - «Call – Center»қызметінің 1400 бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына тәулік бойы тегін қоңырау шалуға болады. - Қандай да бір доменде зиянды бағдарламалық жасақтаманың бар-жоғын тексере алады; - «Құпия сөздің күрделілігін тексеру» қызметі жеке ақпараттың қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі; - «Жиі қойылатын сұрақтар» айдарында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты жиі жолданатын сұрақтарға жауап беріледі. «Сондай-ақ, KZ-CERT қызметі ребрендинг жасап, www.cert.gov.kz жаңа интернет-ресурсын пилоттық режимде іске қосқанын еске салады. Жаңа интернет-ресурста нашар көретіндерге арналған нұсқа жетілдірілді, ресурстың мобильдік нұсқасы икемделді, құпия сөздің күрделілігін тексеру қызметі қосылды, онлайн режимде кез келген уақыттағы инциденттер статистикасын қарауға болады және 24/7 режимде онлайн кеңесшіден ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес, көмек алуға болады», - делінген «KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мәліметінде.