Nur Otan партиясы ерекше қажеттілігі бар отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйлады
Nur Otan партиясы ерекше қажеттілігі бар отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйлады
© сурет интернеттен алынды
5,230
оқылды
Nur Otan патриясына Түркістан облысы Шардара ауылында тұратын отбасы тұрғын үй мәселесімен шағымданды. Отағасы Ерсұлтан Айхожаев үшінші топтағы мүгедек, әйелі үй шаруасымен айналысады, 3 бала тәрбиелеп отыр. Олардың мемлекеттен алатын жәрдемақысы мен уақытша жұмыстан табатын ақшасы күнделікті қажеттіліктері мен баспананы жалдау құнына әзер жетеді. Партияның Шардара аумақтық филиалының атсалысуымен бұл іске меценаттар тартылды. Nur Otan патриясының «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында Айхожаевтар отбасына төрт бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Отағасына пәтер кілтін партияның аумақтық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тапсырды. Сондай-ақ Biz Birgemiz акциясы аясында отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.