Патриот ұрпақ қана мемлекетімізді өркендетеді
Патриот ұрпақ қана мемлекетімізді өркендетеді
256
оқылды
Қазақ жерінде туып-өскен әрбір азамат елімізді, жерімізді қор­ғауы парыз. Кең-байтақ, ұлан-асыр жер қазаққа ата-баба­ла­рымыздың қанымен, жанымен мұраға қалған. Қа­зақ­стан әс­керлері қатарында қызмет етіп жүрген барлық аза­матты, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін 7 мамыр Отан қор­ғаушылар күні­мен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуі жо­лында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасы­ла­­рыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бей­біт ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуел­сіз­дігіміз баянды болсын! Менің өмір жолымда мем­ле­ке­тіміз тәуелсіздік алған жыл­дары Ұлттық Қауіпсіздік коми­те­тінің төрағасы, Қазақстан Пре­зидентінің Күзет қызметінің бас­тығы, Республикалық Гвар­дия­ның Қолбасшысы және Қорғаныс министрі қызметін атқаруға ел се­нім білдірді. Сол сенімнің үде­сі­нен шығуға барымды салдым деп айта аламын. Бүгінде құр­мет­­ті зейнет демалысына шық­қа­ным­мен, елімнің дамуы, гүлденуі үшін әлі де қажет кезінде еңбек етуге дайынмын. Өйткені біз өз елі­міздің – жауынгеріміз! Қазір еліміз дамыған елдермен терезесі тең қарым-қатынас жа­сап отырған іргелі мемлекетке ай­налды. Біздің міндетіміз – тә­уел­сіздігімізді мәңгілік сақтап, өсіп-өркендеу, болашақ ұрпақты на­ғыз елін сүйетін, жерін қадірлей бі­летін патриот етіп тәрбиелеу. Өз елін шексіз сүйетін патриот ұрпақ қана біздің мемлекетімізді өркендетеді, дамыған елдердің қатарына қосады. Сондықтан жас­тардан, келер ұрпақтан күтер үмі­тім көп. Мұндай үміт жетегінде жүр­ген жалғыз мен емес, бұл бүкіл аға ұрпақтың арманы.