Отанға адал қызмет етудің ерекше үлгісі
Отанға адал қызмет етудің ерекше үлгісі
501
оқылды
Батыр бабаларымыз аманат етіп қалдырған кең-байтақ жері­мізді қорғау – бәрімізге ортақ парыз. Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлеке­ті­міздің ішкі және сыртқы саяси жүйесінің бе­рік негізі ретінде қауіп­­­сіздікті қам­тамасыз ету мәсе­ле­­сіне әрқашан айрықша мән бер­ген. Қазіргі таңда Қазақстан Қа­ру­лы Күштерінің Жоғарғы Бас Қол­бас­шы­сы Қ.Ж.Тоқаев Қа­зақ­стан Респуб­ликасы армия­сы­ның дамуына ерекше көңіл бөледі. Егемендікті, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы аумағының тұтас­ты­ғы мен ұлт­­тық мүддені қор­ғау – біздің ар­мия­мыздың және Күштік құрылым­дар­дың бас­ты бағдары. Бұл страте­гия­лық маңызды міндеттерді шешу үшін командирлер корпусына – гене­рал­дар мен офицерлерге зор жауап­кершілік жүк­теледі. Әскер мен құқық қорғау ор­ган­­дарын­дағы ахуал мен әс­ке­ри дағ­­дының сапасы сауат­ты бас­шы­лық­тарыңызға байла­ныс­ты. Сіздердің барлық күш-жі­герлеріңіз, білімдеріңіз бен тә­жірибелеріңіз Қарулы Күш­те­­рі­­міздің жауынгерлік қабі­ле­тін, құ­қықтық тәртіп пен конс­ти­ту­ция­­лық құрылысты қорғау жө­нін­­дегі құқық қорғау органдары мен арнаулы қыз­мет­тің тиімді жұ­мысын арттыруға бағыт­талуы тиіс. Бұл Сіздердің  еңбектеріңіздің еленуі ғана емес, сондай-ақ одан да ауқымды міндеттерді ше­шуге мүм­кіндік беретін жауап­кер­ші­лік­тің жаңа деңгейін білдіреді. Қазақстанның әскери қыз­мет­­шілері – барлық заман мен ке­зең­­дердің ең сұрапыл соғысын­да фа­шизм­­ді жеңген батыр баба­ла­ры­­мыз­дың жауынгерлік ерлігі мен даң­­­қын жалғастыратын лайықты ұрпақ. Бұл мейрам – Отанға адал қыз­мет етудің, қайсарлықтың, патриотизмнің үлгісі. Бүгін біз Отанымызды сыртқы және ішкі жаудан қорғаған және қор­­ғап жүрген, мемлекетіміздің тәуел­­­сіздігін сақтауда адал қыз­мет ат­қар­ған және атқарып жүрген аза­­­мат­тарымызды марапат­тау­да­­мыз. Қазіргі таңда Қарулы Күш­тер­­дің әскери қызметшілері әскери дәстүр­лерді сақтай оты­рып, Қа­зақстан халқының тыныш­ты­ғын сақтау жолында Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқарып келеді. Сіздерге шын пейілмен зор ден­саулық, бақытты өмір, отба­сы­ла­ры­ңызға бақ-береке мен молшылық тілеймін! Ашық ас­пан астында егемен еліміздің жарқын болашағын құруға еселі ең­бегімізбен, игілікті ісімізбен үлес қосуға атсалысайық! Сіздер сияқты ержүрек ерлері­міз Отанымыздың тыныштығын күзе­тіп тұрғанда, еліміздің бола­ша­ғы әрқа­шан жарқын боларына мен кәміл сенемін.