Желіде үкіметтің жаңа Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылғаны туралы қаулысы жарияланды.
Үкіметтің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 қаулысы Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілер жүйесінде жарияланды.
Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымында болады.
Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Дінтану сараптама ортағығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату туралы шешім қабылданған.
Еске салайық, кеше Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды және Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Енді аталған министрлікті Аида Балаева басқарады..