Ақтөбеде ер адам карантин кезінде әйелін жеті баласымен бірге пәтерінен қуып жіберген. Бұл туралы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтып берді.
Прокурордың айтуынша, қазіргі уақытта тұрмыстық зорлықтың құрбаны болған 7 әйел мен 21 бала дағдарыс орталығына орналастырылған.
"Көмек көрсетілген әйелдердің бірі жеті баланың анасы болып шықты, оны күйеуі үйден қуып шыққан. Отбасы тұрып жатқан пәтердің оларға көпбалалы отбасы ретінде берілгені анықталды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар отбасындағы проблеманы шешумен айналысып жатыр", - деп жазды прокурор Facebook желісіндегі парақшасында.