Мемлекет басшысы әйелдер істері жөніндегі комиссияға қатысты Жарлыққа өзгеріс енгізді
Мемлекет басшысы әйелдер істері жөніндегі комиссияға қатысты Жарлыққа өзгеріс енгізді
210
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында: «Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға»; «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» деген жол алып тасталсын; аталған Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова шығарылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.   Қазақстан Республикасының                Президенті                                                                                                                                     Қ.Тоқаев   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр № 325