Түркістан облысындағы тағы бір ауылда өзен суы арнасынан асып кетті - видео
Түркістан облысындағы тағы бір ауылда өзен суы арнасынан асып кетті - видео
© Кадр видеодан
185
оқылды
Түркістан облысының Төле би ауданындағы Майбұлақ ауылында өзен суы арнасынан асып кетті. Нөсер жауынның салдарынан көтерілген «Нұр-ата» өзенінің суы арнасынан асып орталық көшедегі көпірді шайып кете жаздаған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 5 мамыр күні сағат 14:30 шамасында шамадан тыс жауған жаңбыр салдарынан аққан ағаштар көпірдің тіректеріне кептелісіп қалған. Жиналған су көпірдің бетіне шығып, тасыған. «Осы жағдайға орай аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы елдімекенге барып, өзен суының деңгефін көріп қайтты. Қауіптің алдын-алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындары жұмыла бірлесіп, көпірді жедел тазартты. Сонымен қатар «Нұр-ата» өзенінің бойын тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды. Қазіргі таңда елдімекенге төнген қауіп жоқ» делінген хабарламада.