– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жеңіске үлес қосқан барлық азаматқа материалдық көмек берудің кепілдендірілген шегін бекіту туралы әкімдіктерге ұсыныс жасаған еді. Нәтижесінде, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн теңге көлемінде бірреттік материалдық жәрдем берілді,– деді шенеунік.Сондай-ақ Үкімет Ленинград қоршауында қалған тұрғындар мен кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына 50 мың теңгеден, ал соғыста қаза тапқан ардагерлердің жұбайына, соғыс жылдары еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден үлестірмек.
– Төлем бүкіл аймақта жүргізіледі. 7 өңірде беріліп те қойды. Олар: Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Өзге өңірлерде жақын арада бәріне табысталады, – деді Ерлан Әукенов.Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілетінін мәлімдеген.
Айдар ДӘУІТҰЛЫ