«Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім...» – құралайдың салқыны қашанға дейін созылады?
«Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім...» – құралайдың салқыны қашанға дейін созылады?
Фото: Интернеттен алынды
918
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет киіктің лағы құралай мен құралайдың салқыны (амал) туралы Facebook-тағы парақшасында жазды. Қазақ тілінің сөздік қорында «құралай» (зат есім) – киіктің лағы.   [caption id="attachment_41548" align="alignnone" width="1024"]құралайдың салқыны, киік, бөкен Фото: Интернеттен алынды[/caption]
Қазақ ұлттық энциклопедиясының жазуынша, Құралайдың салқыны - мамыр айының екінші жартысынан басталып, он шақты күнге созылатын дауылды қара суық, амал, киіктің лағын өргізетін мерзім.
  [caption id="attachment_41549" align="alignnone" width="1049"]құралайдың салқыны, киік, бөкен Фото: Интернеттен алынды[/caption] Халық күнтізбесіндегі жеті амалдың бірінде: «Осы кезде көктемгі салқын түсіп, қар жауады. Киіктер төлдеп, құралайының кіндігі мұзға жабысып түсіп қалады, қазақтың есепшілері текебұрқылдақ амалы – текелердің шағылысатын кезіне қарап, құралайдың салқыны амалының уақытын дәл анықтап отырған». Қазақтың ақын-жазушылары құралайдың сұлулығы сөзбен суреттеген.  - Түсті шықтар шөптерге, Жауатындай қар, түрі. Соғады әр жыл көктемде, Құралайдың салқыны. Баяғы сол тәртібі – келеді жел арқылы, Лағы боп киіктің құралайдың салқыны. С.Мәуленов, «Алыс кетіп барамын».   құралайдың салқыны, киік, бөкен – Көресің бе, Жақан, жел батыстан соғып тұр. Бұл құралай салқыны деген амал. Бүгін киіктер лағын өргізеді, – деді Хасен Жақанға (Қазақ әдебиеті). Хәлелден құралайдың салқынында көз жазып қалды. Қызық, қазір Ғазиза тірі ме екен? Не күй кешуде, ұшырасса. Құралайға жиі келетін. Кішіпейіл. Айыбы... Жүзіктің көзінен жиі өтетін (Жалғыз салт атты).    width= Құралай суығының аяғы кейде аязға айналып кетеді. (М.Дүзенов, Ақәже) Көрсем де де құралайды атқаным жоқ, Ұқсаттым Мақпал жанға шын жүректен. (Ә.Найманбаев, шығармалары)   құралайдың салқыны, киік, бөкен Шыңда шырлап ойнаған. Қызыл киік құралай, Айшықты мүйіз арқары-ай, Тоспада тойын тойлаған. (И.Байзақов, «Құралай сұлу»).   [caption id="attachment_41553" align="alignnone" width="1600"]құралайдың салқыны, киік, бөкен Фото: Интернеттен алынды[/caption] Көздеп атып құралай мен елікті, Кесір көңіл аяқ асты желікті. Қол шіркіндер сүйеді екен тізгінді, Тақым әсте сүйеді екен көлікті. (Қ.Мырзалиев, «Мәңгі майдан»). Құралайын өргізген үйір-үйір киіктер түстікті бетке ұстап, бұл өлкеден әлдеқашан безіп кеткен. (Ә.Кекілбаев, «Дала балладалары») Құралайы құлаған жас туша жанын жалауға байлап бір-ақ қарғып, құзар тастан ұшты («Қазақ әдебиеті»). [caption id="attachment_41554" align="alignnone" width="800"]құралайдың салқыны, киік, бөкен Фото: Интернеттен алынды[/caption]