Онлайн челлендж басталды
Онлайн челлендж басталды
345
оқылды
Алматы облысының әкім­дігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс­тің 75 жылдығына орай #ешкімдеештеңедеұмытылмайды хэш­­тегімен қазақ және орыс тілдерінде акция-челлендж бас­тады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоба шеңберінде облыс әкі­мі баспасөз қызметінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ZhetysuPress ресми парақшасында осы шараға қатысуға ниет біл­дір­ген облыс тұрғындарының бейне құт­тықтауы жариялануда. Қазір бей­нероликтердің саны 50-ден асты. Бұл жоба жастарды патриот­тық рухта тәрбиелеуге, бірліктің маңызын насихаттауға, со­ғыс ар­­дагерлері мен тыл еңбек­кер­­­­­леріне, сол зұлмат соғыс жыл­­да­ры­ның ауыртпалығын қайыс­пай көтерген барша жанға алғыс біл­діруге бағытталған. Шартына сәй­кес аталған акция-челленджге об­лыстың кез келген тұрғыны қа­тыса алады. Ниет білдірушілер ар­дагерлерге алғыс айтып, Ұлы Жеңіс күніне орай құттықтау ті­легін арнап, ән салып, өлең оқып, соғысқа қатысқан туыстары тура­лы естеліктер айтуда. Облыс әкімі баспасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, қазіргі кезде па­рақшаға облыс тұрғындарының 50-ден астам бейнежазбасы ор­на­ластырылған. Олардың ең кіш­кен­тайының жасы 4-5-терде. Бей­нероликтердің жалпы қаралымы 40 мыңнан асты. 1 мыңнан астам пікір­лер жазылды, соның ішінде же­келеген роликтер 1 700-ден астам рет қаралған. Бейне құттықтаулар әлі де көп­теп түсуде. Акция 8 мамыр­ға дейін жалғасады. Оның қоры­тын­дысы бойынша ең көп қара­лым жинап, танымалдыққа ие болған бейне құттықтау 9 ма­мыр күні акция-челленджге бел­сене қатысқаны үшін алғыс біл­діріліп, парақшаға қайта ор­на­ластырылатын болады.