Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың дені 20-25 жас аралығындағы жастар.
Бұл санатта 666 адамда Covid-19 расталып отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде бір тәулікте коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары 3 проценттен көп емес.
Сондай-ақ, министр COVID-19 жұқтырғандар скрининг кезінде анықталғанын айтты.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 4 277 адамда коронавирус расталды. Науқастардың көбі Алматы (1 392 адам) мен елордада (754 адам) тіркелген.
Өңірлер арасында әлі де ең көп жағдай Қызылорда облысында тіркелген. Облыста 216 адам індетке шалдықты.