Алматыда Жеңіс Күні қарсаңында " #BizBirgemiz!" акциясына қатысатын Nur Otan партиясының қызметкерлері мыңдаған жалғыз басты зейнеткерлерді құттықтады.
Акцияны ұйымдастырушы, Nur Otan партиясының мүшесі Айнұр Смағұлова қазақстандықтар ұрыс алаңында басқыншылармен ерлікпен шайқасқан және тылдағы қажырлы еңбек еткен батырларды құрметтейтінін мәлімдеді.
"Біздің ортақ парызымыз — олардың ерліктерін ұмытпай, ардагерлерге қамқорлығы мен ілтипатын көрсету. Осыған байланысты " #BizBirgemiz!" біздің қымбатты ардагерлер мен қарт адамдарды құттықтауды қолға алды. Бүгінде 80 жастан асқан 1000 жалғыз басты адам естелік сыйлықтар мен мерекелік тағамдарға ие болады. Оның ішінде 46 қария ҰОС ардагері", — деді Айнұр Смағұлова.
Айта кетейік, акция аясында 27 наурыздан бастап күн сайын 80 жастан асқан мыңдаған зейнеткерлер ыстық тамақ алады. Еріктілер үйлерге 33 мыңнан астам тағам жеткізді.
"Құттықтағандарыңызға көп рахмет. Жастар Жеңіс күнімен құттықтап, ұмытпай жүргеніне қарап қуанып отырмыз. Жыл сайын Nur Otan 9 мамыр Жеңіс күнін назардан тыс қалдырмайды. Карантин кезінде біз қамқорлықсыз қалған жоқпыз. Күн сайын мені түскі аспен, санитариялық құралдармен қамтамасыз етіп отырды. Өте ризамын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды Жеңіс Күнімен құттықтағым келеді және Қазақстанды бейбітшілік пен амандық тілеймін", — деді ҰОС ардагері Владимир Белозеров.
"#BizBirgemiz!" жалпыхалықтық акциясы Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен қолға алынды.