Павлодар қаласында Nur Otan партиясына төтенше жағдай кезінде көмек сұрап, жалғызбасты зейнеткер келді.
Партияның облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы және Biz Birgemiz акциясы аясында қарияға азық-түлік ретінде көмек көрсетті. Бұдан басқа төмен зейнетақы алатын қарияға Birgemiz қорынан 50 мың теңге қаржылай көмек берілді.
Зейнеткер партияға төтенше жағдай кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.