Италиялық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.
Вакцинаның әсері зертханада тышқандар арқылы сыналған. Оларға вакцина салынып, сараптамаға антиденесі алынды. Бұл антиденелер адам жасушасындағы COVID-19-ды зертхана жағдайында көзін жоюға қабілетті болып шықты. Ал адамдарға тест өткізу күзге жоспарланған.
"Біздің білуімізше, біз дүние жүзі бойынша коронавирустың күшін жоятын вакцинаны ойлап таптық", - дейді ғалымдар.
Еске салайық, 7 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 3,6 миллионнан асып, 247 мыңнан аса адам қайтыс болды. Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 4509-ге жетті. Оның ішінде 1450 адам айығып шығып, 30 адам қайтыс болды.