Қазақ батырының өшпес ерлігі
Қазақ батырының өшпес ерлігі
© Сурет интернеттен алынды
252
оқылды
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны барды. Олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды. Бізге дейін есімдері жетпеген, ұмыт қалғандары қаншама? Сол кездегі солақай саясаттың кесірінен елге танылмай кеткен талай боздақтарымыз да болды. «Қызыл Жұлдызды» кеудесіне таққаны да, тақпағаны да бар. Мысалы, 1943 жылы «Қызыл Жұлдыз» орденін алған - Мұхамбетқали Сарбасовтың өзі бір төбе. Өзі 1924 жылы Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауданында дүниеге келді. 18 жасында әскерге келісімен, 4-барлаушы тобына түседі. Қызыләскерлік барлаушы Мұхамбетқали Сарбасов 19-гвардиялық танкілі бригадаға қарайлады. 1944 жылы Лукник аймағындағы шайқаста дәлдігінің арқасында жау қорғанысына оқ жаудырып, оларды күл-талқадады. Сөйтіп, Вервита өзенінен әскеріміздің өтуін қамтамас еткені. Бір өзі жауға беріспегені көзсіз батырлығының арқасы.