Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті бірден таныды - видео
Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті бірден таныды - видео
© Photo : Тимур Сыпатаевтың жеке архивінен алынды
195
оқылды
Қазақстанда карантин басталғалы дезинфекциялық шаралар күшейді. Оған қалалық қызметтер, әскерилер, әскери міндеттілер, тіпті өрт сөндірушілер де тартылды. Sputnik Қазақстан тілшісі астанадағы дезинфекциялық шаралармен танысып, коронавирусты жұқтыру қаупіне қарамастан, осы жұмысқа өз еркімен барған жігіттермен тілдесіп қайтты. Нұр-Сұлтанда наурыздан бері адам көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кешендері мен алаңдарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп келеді. Арасында ауқымды дезинфекция да жасалады. Оған жүздеген адам мен ондаған техника шығарылады. Сауда орындары, шағын дүкендер, мешіттер, кіреберістер мен лифттер залалсыздандырылады. Мамандардың айтуынша, залалсыздандыру құралдарының адам мен жануарға зияны жоқ. Мұны дезинфекцияда жүрген жігіттер жақсы біледі. Дегенмен, далада жүргеннен кейін инфекцияны жұқтыру қаупі бар екенін де түсінеді. Соған қарамастан, күнде көшеге шығып, халықтың қауіпсіздігі үшін еңбек етіп жатыр. Олардың ішінде өз еркімен келгендер де жоқ емес. Сондай жігіттердің біреуін президент Қасым-Жомарт Тоқаев теледидар арқылы таниды екен. Мемлекет басшысына дезинфекция шараларын таныстыру кезінде Тимур Сыпатаев бетпердемен тұрған. Бірақ Тоқаев оны бірден танығанын айтты. Тимур Сыпатаев – қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азияның екі дүркін чемпионы. Үш тағандап шегеге тұрып, кеудені жерден көтеруден Қазақстанның рекордтар кітабына енген. Қарулы күштердің қатарында 16 жыл қызмет етіп, капитан шенімен запасқа шыққан. Ал төтенше жағдай кезінде арнайы жиындардың басталғанын естігенде бірден өз еркімен коронавируспен күрес шараларына аттанды. "Сәуірдің басында әлеуметтік желілер арқылы президенттің жарлығы жайында естіп, арнайы жиындарға қатысуға шешім қабылдадым. Елорданың қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы 100 адамдай әскери міндетті атқаруға тартылды. Бәріміз өз еркімізбен келдік. Ешкім барсын деп айтқан жоқ, ешкім қинаған жоқ. Негізі, әрбір ер азамат жасы 18-ден асқаннан кейін елін, жерін қорғауға дайын болуы керек деп ойлаймын. Бұл – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Мен бармасам, сіз бармасаңыз, Отанды кім қорғайды?", – деді Сыпатаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. https://www.youtube.com/watch?time_continue=420&v=uDJNb5vtuq8&feature=emb_logo