Алматыда коронавирустан 4 айлық бала сауықты
Алматыда коронавирустан 4 айлық бала сауықты
tengrinews.kz
215
оқылды
Алматыда коронавирус инфекциясынан 6-7 мамыр күндері 72 науқас емделіп, үйіне шығарылды. Олардың ішінде 4 айлық қыз бала да бар, - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Сәби инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болып, 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен. Сәбиге «асқынған бронхит» диагнозы қойылып, жағдайы орташа дәрежеде болды. Қазір ол анасымен бірге сауығып, емханадан шығарылды. Басқарманың мәліметінше, басқа емделушілердің жағдайы жақсы. Осы уақытқа дейін Алматыда қауіпті індеттен 299 адам жазылып шыққан.