Елордада 50-ге жуық демалыс орны ашылады
Елордада 50-ге жуық демалыс орны ашылады
© Сурет Айтжан Мұрзанов
338
оқылды
COVID-19 ел-жұртты үй қамағына қамап тастады. Көктемнің жайма шуақ күнінде адамдар қоқыс төгіп, ауладан шықпаумен шектелді. Қазір елдің бәрі өткен күндерін еске алумен отыр. [caption id="attachment_42091" align="alignnone" width="1024"]бала © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Алдағы күндері елдегі төтенше жағдай тоқталса, кім қайда баратынын жоспарлап тастаған да болар. Бірақ қазір халықтың аңсап отырғаны – саябақтағы серуен. Елордада қанша саябақ бар, қайсысына өзіңіз барып көрдіңіз? [caption id="attachment_42092" align="alignnone" width="1024"]саябақ © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] «Астана» триатлон саябағын BI Group құрылыс компаниясы бас қаланың 18 жылдығына орай сыйлыққа тарту еткен. Жыл бойы жұмыс істейтін саябақта спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Мәселен, велосипед және жүгіру жолақтары бар. Қыстыгүні шаңғы да тебуге болады. [caption id="attachment_42093" align="alignnone" width="1024"]триатлон © Сурет интернеттен алынды[/caption] Саябақтың негізгі жұмыстары 2016 жылы біткен, бірақ әлі де жақсару үстінде. 45 гектер жерді алып жатқан саябақтың жалпы жолақ ұзындығы - 8 шақырым. Алғашқы триатлон бойынша жарыс 2019 жылы өткен. Ендігісі биыл 23 тамызда  өткізілмекші. [caption id="attachment_42094" align="alignnone" width="1024"]саябақ "Астана" саябағы[/caption] Тұран даңғылындағы «Астана» саябағы - елордалық тұрғындардың демалыс орны. Кез келген адам бір-екі сағатын серуенмен өткізе алады. [caption id="attachment_42107" align="alignnone" width="1024"]саябақ © Сурет интернеттен алынды[/caption] Отбасылық демалысқа да жақсы жер. Тіпті, балаларға арналған ойын алаңына да толы. [caption id="attachment_42095" align="alignnone" width="1024"]саябақ © Сурет интернеттен алынды[/caption] Ал Иком аллеясында мәдени құндылықтар сақталған. Ол - Халықаралық мұражайлар кеңесіне тиесілі. Бейнелі түрде кесілген бұта мүсіндерден тарихтың сан қатпарлы сырын байқауға болады. Оған қоса, аллеядағы жолдар тастармен ұқыпты көмкерілген. [caption id="attachment_42096" align="alignnone" width="1024"]саябақ © Сурет интернеттен алынды[/caption] Астананың 20 жылдығында «Арай» саябағы жөндеуден өтіп, «Жетісу» саябағы деп аталды.

саябақСаябақтан Алматы облысының тарихи орындары мен ескерткіштерінің көшірмесін тамашалауға болды. Мәселен, Шарын шатқалы, Таңбалы тас, Алматы апорты, Балқаш көлі, Алматының жеті өзені бар.

[caption id="attachment_42098" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Сонымен қатар, жақын арада елордада «Көктал» саябағын ашу жоспарда тұр. Қала шетінде орналасқан бұл саябаққа қазір 8 мыңнан аса ағаш отырғызылды. [caption id="attachment_42099" align="alignnone" width="885"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Жалпы, қала әкімдігі қала бойынша 50-ге жауық саябақ, сквер, аллея секілді демалыс орындарын іске қоспақшы. [caption id="attachment_42100" align="alignnone" width="1024"]саябақ © Сурет интернеттен алынды.[/caption] Әзірге қала ішіндегі барлық саябақ пен скверлер жабулы тұр. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласының ботаникалық бақшасында жұмыс қызу жүріп жатыр. [caption id="attachment_42101" align="alignnone" width="1024"]саябақ ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Аумағы кішкентай болса да, көз тартарлық әдемілікке тұнып тұр. Мұнда қызғалдақтың 40 шақты түрі егілді. [caption id="attachment_42141" align="alignnone" width="1024"]қызғалдақ © Сурет интернеттен алынды[/caption]