Ақмола облысындағы Қоянды мен Қосшы кентіндегі балалалардан коронавирус анықталды, - деп хабарлады Жедел штаб.
Вирусты жұқтырғандардың бірі — Ақкөл ауданының 1976 жылғы тұрғыны, ол өзіне дейін коронавирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған. 30 сәуір күні Ақкөл аудандық ауруханасының карантиндік стационарына жатқызылған.
Қалған екі адам Целиноград ауданында тіркелді. Олардың бірі 2010 жылғы қыз бала, Қосшы ауылынан, ол да вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Әкесі Нұр-Сұлтан қ. кәсіпорын қызметкері. Екіншісі Қоянды ауылынан — 2014 жылғы ұл бала. Үй карантинінде болған. Нұр-Сұлтан қ. аталған кәсіпорынмен байланысты.
Ауруханаға жатқызу орны ретінде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансері анықталды.
Аталған азаматтармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарын зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынған. Облыс стационарларында 256 емделуші жатыр, олардың ішінде 17-сі провизорлық стационарда, 225-і карантиндік стационарда, 14-і жұқпалы аурулар стационарында. 718 адам үй карантині режимін сақтап отыр.