Қазгидромет 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Ел аумағына жылжыған циклоны республиканың оңтүстік облыстарына өз ықпалын тигізіп, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің күшеюі, дауыл, бұршақтың түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыс бағытында ығысып, циклон бірінші орталықта, содан кейін еліміздің солтүстігінде жаңбыр және ауа температурасының аздаған төмендеуіне алып келеді», - делінген хабарламада.
Тек солтүстік-шығыс пен шығыста антициклон ықпалынан ауа райы шуақты, жауын-шашынсыз сақталады.