9 мамыр күні ауа райының құбылуына байланысты Қазақстанның үш өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
9 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қаласында 9 мамырда жел шығыстан соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 9 мамырда Жезқазғанда жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Ал 9 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз күн күркіреген кезде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.
Оралда 9 мамырда кешке найзағай жақылдауы ықтимал.