Кейбір шараларды жеңілдету карантиннің тоқтағанын білдірмейді - Біртанов
Кейбір шараларды жеңілдету карантиннің тоқтағанын білдірмейді - Біртанов
© Egemen.kz
215
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі кейбір шараларды жеңілдетуге қарап, карантин тоқтайды деп түсінуге болмайтынын айтты. «Кейбір шараларды жеңілдету карантиннің тоқтағанын білдірмейді. Карантин шаралары – ол өндірістік қызмет, қоғамдық көлік және басқалар бойынша тиісті шектеулердің топтасуы. Олар эпидемиялық тәуекелдермен байланысты. Осы жағдайда кейбір қалалар арасында әуе тасымалы тұрғысында шараларды жеңілдету қадамдары қабылданды», - деді Е. Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, тәуекел деңгейін ескере отырып, бұл қадамдар арқылы әуе тасымалдарын жасауға мүмкіндік болып тұр. «Алайда қауіп мүлдем жоқ деп ойлауға болмайды. Біз бұл бағыттағы шараларды біртіндеп іске асырудамыз. Сондықтан ПТР-тестілерді талап ету қазіргі кезде орынды. Індет жұқтыру төмендегеніне қарай, осыдан бас тартып, халықтың барлық санаттары арасында таңдамалы тестілеуге көшуіміз мүмкін. Осы орайда эпидемиологиялық зертханалық қадағалау ескеріледі, яғни теңдей үйлесімде қоғамның барлық өкілдерінен кездейсоқ таңдау тәсілімен зерттеулер алынады», - деді министр. Оның пайымынша, сол кезде эпидемия мен қауіптің қандай деңгейі туралы тиісті түсінік пайда болады. «Дегенмен осыған ауысуға әлі ертерек, бізде ару ошақтары тіркелген өңірлер бар», - деді Е. Біртанов.