Өскемендік полицейлер майдангерлерді Жеңіс мерекесімен ерекше құттықтады.
«Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері карантин режиміне қарамастан, соғыс ардагерлерін 9 Мамыр мерекесімен үйлеріне барып құттықтаудың креативті жолып тапты», - деді басқармадан.
Мәлім болғандай, полицейлер майдангердің үйінің терезесіне гүл шоғын дронға байлап жеткізді. Кейін, терезе алдында «Мерекеңізбен» жазуымен флэшмоб ұйымдастырып, дауыс зорайтқыш арқылы құттықтау лебіздері мен алғыстарын жеткізді.