Сонымен, Американың Кеңес одағына жөнелткені: 400 мың джип пен жүк көлігі: 14 мың ұшақ; 8 мың трактор; 13 мың танк; 1,5 млн дана көрпе; 15 млн әскери аяқкиім; 107 мың тонна мата; 2,7 млн тонна мұнай өнімдері (ұшақ, жүк көлігі мен танкінің жанармайы).[caption id="attachment_42343" align="alignnone" width="1024"] «Харрикейн» ұшағын сынақтан өткізген кеңестік бригада. Бұл ұшақтар да КСРО-ға «Ленд-лиз» бойынша берілген[/caption] Сондай-ақ америкалықтар КСРО-ны винтовка, аммуниция, оқ-дәрі, мыс, болат, алюминий, дәрі-дәрмек, дала радиобекеті, радар, кітап және басқа да керек-жарақпен қамтамасыз еткен. Жалпы, АҚШ-тың Кеңес Одағына аттандырған көмегін ақшаға айналдырсақ, 11,3 млрд доллар шығады (қазіргі бағаммен есептесек, 200 млрд долларға жуық). [caption id="attachment_42344" align="alignnone" width="1024"] Кеңес Одағына «Ленд-лизбен» әкелінген америкалық «Генерал Ли» танкілері[/caption] 1943 жылы Тегеран конференциясында салтанатты тост көтерген Сталин: «Америка Құрама Штаттары – машиналар елі. «Ленд-лиз» арқылы әкелінген ол машиналарсыз біз соғыста жеңіліс табар едік», – деп ашық мойындаған. [caption id="attachment_42345" align="alignnone" width="1024"] КСРО-да америкалықтар аттандырған әскери жүк көліктері Иранның шығысындағы жолда аялдап тұр[/caption] [caption id="attachment_42350" align="alignnone" width="1024"] Фото ашық дерекөзден алынды[/caption] [caption id="attachment_42346" align="alignnone" width="1024"] София тұрғындары америкалық «Валентайн» (Valentine) танкілерімен Болгария астанасына кірген кеңес сарбаздарын қарсы алып тұр.[/caption]
Еркебұлан Нұрекеш