Ресейлік әзілкеш Анатолий Трушкин коронавирус жұқтырды.
78 жастағы әзілкеш вирусты нақты қайдан жұқтырғаны өзіне белгісіз екенін айтады. Алайда белгілі болғандай, ол оқшаулау режимін ұстанған және жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ғана барған. Ол қазір осы үшін де өзін кінәлі санайды. «Бұл індетке бұлай «мейіріммен» қарауға болмайды. Олай істемеу керек еді», – дейді әзілкеш.
Анатолий Трушкиннен 9 мамыр күні коронавирус белгілері анықталып, Мәскеудегі №52 ауруханаға жатқызылған. Оның сөзінше, дене қызуы 38 градус деңгейін ұстап тұр. Lenta.ru жазуынша, дәрігерлер оған плазма құйған. Ақ халаттылар денсаулығының жақсаруынан үмітті екенін айтады.