Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мектептерде соңғы қоңырау соғылатынын айтты.
«Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс», - деді Е. Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, 3,3 млн оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 млн студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады. Ұлттық бірыңғай тестілеу жоспарлы түрде өтеді.