Бүгіннен бастап Қазақстанның жеті қаласына әуе рейстері ұша бастайды, - деп мәлімдеді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов.
«Бүгіннен бастап Президентіміздің шешімімен еліміздің жеті қаласында - Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанда әуе рейстері жанданады. Сондай-ақ, ұшу үшін жолаушылардың ПТР-тест тапсыруы қоғам наразылығына ұшыраған еді. Бүгіннен бастап бұл талап та алынып тасталды», - деді Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.