Алматыдағы блокпосттар әзірге ашылған жоқ
Алматыдағы блокпосттар әзірге ашылған жоқ
© сурет интернеттен алынды
151
оқылды
Бүгін Алматыға кіре берісте ұзын-сонар тізілген көлік қалаға кіре алмай, кептеліп, біраз әуреге түсті. Карантин мерзімі бітті деп ұққан халық нөпірі қалаға лап қойған. Рас екі айға жуық уақыттан бері қаладағы жұмыстарына келе алмаған көпшіліктің жағдайын түсінуге болады. Дегенмен сақтық шараларына байланысты блокпосттар әлі ашылған жоқ. Бұған дейін Алматы әкімдігі төтенше жағдай жойылғаннан кейін де қаладағы карантин режимі сақталатынын хабарлаған болатын. Қаланың әр шетіне қойылған бақылау-өткізу бекеттері жұмысын әрі қарай жалғастырады және бұрынғы қабылданған қалаға кіру және шығу ережелері сақталады. Қалада рұқсат алған кәсіпорындар ғана жұмыс істей алады. Қоғамдық көліктің жұмыс режимі де бұрынғыша сағат 06:00-ден 19:00-ге дейін өзгеріссіз қалады. – «Алтын Орда» базары маңындағы блокпоста теңертеңгі уақытта адамдар жиналды. Қоғамдық тәртіп бұзу орын алған жоқ. Адамдарға 27 блок-бекет жұмысын бұрынғыдай жалғастыратыны түсіндірілді. Алматы шекарасы әлі де карантинге байланысты жабық. Қазір блокпостағы жағдай қалыпты. Азаматтарға ресми ақпаратқа сүйеніп әрекет етуді ескертеміз» деді Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ