Карантин шараларының негізгі жеңілдетілуі маусым-шілдеде болады - Нұрымбетов
Карантин шараларының негізгі жеңілдетілуі маусым-шілдеде болады - Нұрымбетов
© Әлихан Сариев
5,155
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың төртінші тоқсанында халық жұмысқа толық кірісе алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бәрі коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты.
"Карантин шараларының негізгі жеңілдетілуі маусым-шілдеде болады деп ойлап отырмыз, осы жылдың төртінші тоқсанында халық жұмысқа толық кірісе алады. Жыл қорытындысы бойынша, жұмыссыз деңгейі 5,9 пайыз болуы мүмкін, ТЖ режиміне дейін ол 4,5 пайыз болған", - деді министр брифингте.
Бұған дейін министр еңбек нарығындағы ахуал мен жұмыспен қамтуды қалпына келтіру карантиндік шараларды жеңілдету қарқынына және кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметін жалғастыру, сондай-ақ, экономиканы жандандыру шараларына байланысты болатынын атап өткен.
"Жұмыспен қамтуды қалпына келтіру процесі күрделене түседі. Соған қарамастан, біз, әрине, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деңгейінде болжам жасадық", - деді Нұрымбетов.