Мектептерде соңғы қоңырау қандай жағдайда өткізілетіні белгілі болды
Мектептерде соңғы қоңырау қандай жағдайда өткізілетіні белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
449
оқылды
Осы оқу жылында соңғы қоңырау өткізілетіндігі белгілі болды.  Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осыған қатысты желіде жазба жариялады.
"3-4 маусымда 11 сынып түлектері қолына аттестат тапсыру туралы шешім қабылданды. Бұл шара жыл сайын маусым айының ортасында өткізілетін. Биыл түлектерге арналған қорытынды аттестатциялау болмайтынын және ҰБТ-ға дайындықты ескере отырып, біз оны маусымның басына қарай жылжыттық. Биылғы салтанатты шараның ерекшелігі - мереке аясында 11 сыныпты тәмамдаған түлектерге аттестат салтанатты түрде тапсырылып, соңғы қоңырау соғылады", - деп жазды Каринова Facebook-те.
Сонымен бірге бұл іс-шара мектепте, ашық аспан аясында бөтен қонақтарсыз, 11 сынып түлектерінің қатысуымен және санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі керек.
"Шара кезінде түлектерге мектеп формасында болу ұсынылды. Сонымен қатар салтанатты шарадан соң 11 сыныпты бітірушілердің ағаш отырғызу шарасын Экология министрлігімен бірлесіп, ұйымдастыру жоспарлануда. Кейіннен мұндай акцияны өткізу 25 мамырға белгіленеді", - деді ол.