Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды
Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды
© coronavirus2020.kz
308
оқылды
Коронавирустан қайтыс болған адам 1955 жылы туған Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны, - деп хабарлады Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы. 65 жастағы азаматша 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген. 6 мамыр күні оның жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит. Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.