Карантин режимін жеңілдету үшін 159 бөлімнен тұратын жоспар әзірленді
Карантин режимін жеңілдету үшін 159 бөлімнен тұратын жоспар әзірленді
187
оқылды
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін жеңілдетуге қатысты арнайы жоспар әзірленгенін айтты. «Жоспарда маусым айы да қамтылатынын толық айта аламын. Үкіметтің бұдан басқа да жеңілдету мен шектеу шараларына қатысты жоспары бар. Үкімет премьер-министрдің төрағалығымен 159 бөлімнен тұратын кешенді жоспар әзірледі. Барлық шаралар экономикалық бөлімді қалпына келтіруге бағытталған. Бұл – күн тәртібінде тұрған өте маңызды мәселелер. Әсіресе жұмыс орындарын қалпына келтіру мәселесі өзекті», – деді премьер министрдің орынбасары.