Алматыда ТЖ режимі аяқталды. Дегенмен карантиндік шаралар әлі де жалғасуда. Шаһардағы шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алынатын болады. Бүгіннен бастап сұлулық салондарының, білім беру орталықтарының қызметі басталды. Олар үшін аудиттен өту міндетті, оны өткізуге өтінімдер күн сайын call centreарқылы қабылданады.
Аудит өткеннен кейін және оң шешім алғаннан кейінгі келесі қадам осы секторлар компанияларының қызметкерлері infoalmaty.kz сайтында тіркеледі. Білім беру ұйымдарында, сұлулық салондарында жұмыс істейтін және облыста тұратын қызметкерлерді тіркеуге өтінім осы сайт арқылы беріледі.
Сонымен қатар, міндетті түрде аудит өткен жағдайда өнеркәсіп және құрылыс саласындағы объектілердің, жобалау ұйымдарының, сондай-ақ келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысын қайта бастау жалғастырылатынын еске саламыз: «үйге жеткізу», ТҚС, шиномонтаж, автожуу және техникалық қызмет көрсету бойынша автосалондар, кеңсе техникаларын жөндеу және жарнама агенттіктері.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда және аудиттен өтпей жұмысты іске қосу көлік және сақтау, ақпарат және байланыс, қаржы қызметтері саласындағы кәсіпорындар (ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, ломбардтар, айырбастау пункттері), бизнеске арналған кәсіби қызметтер, сондай-ақ кейбір қызмет түрлері: фотосалондар мен гүл павильондары, шаштараздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар жөніндегі компаниялар, баспа қызметі, аяқ киім жөндеу және химиялық тазалау, жуу, 500 шаршы метрге дейінгі (СО, СОО, СҮ тыс) азық-түлік емес тауарлар дүкендері.
Барлық компаниялар жаңа ұсыныстарға сәйкес жұмыс істеуге міндетті. Жұмыс орындарындағы әлеуметтік қашықтық және қатаң санитарлық режим – қызметі рұқсат етілген ұйымдар жұмысының міндетті талаптары. Бұл ретте, жұмыс орындарында қажетті қызметкерлер саны тікелей жеке кәсіпорындардың басшыларымен өз бетінше анықталатын болады.
Объектілердің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігін тексеруді жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатарынан бұрын құрылған мониторингтік топтар жүргізеді. ҚР ӘҚБтК 462-бабына сәйкес, белгіленген шараларды орындамау айыппұл түрінде (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК мөлшерінде, 200 – орта және 500 – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін) және карантиннің барлық кезеңінде объектінің толық жабылуына дейін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
Облыс арасындағы сапарларға шектеу әлі де сақталады. Алматы қаласының периметрі бойынша блокпостардың жұмысы күшейтілген режимде жүзеге асырылады. Қызметі рұқсат етілген мегаполис ұйымдарында жұмыс істеу үшін азаматтардың келуіне және шығуына рұқсат етіледі. Қалаға кірудің міндетті шарты – қызметкерлердің мәліметтерін infoalmaty.kz базасына енгізу, ал өтінімдерді қабылдау ертең сағат 15.00-де ашылады. Ірі және маңызды кәсіпорындардың қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияны анықтауға тест жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, саябақтар мен скверлер ашылады. Көшеге шығуға 3 адамнан аспайтын құрамда рұқсат етіледі. Күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң сақтау, көпшілік жерлерде бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты ұстану туралы ұсыныстар өзекті болып қалады. Бұл шаралардың барлығы бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ