22 жастағы Самира Тәйтенова Ақмола облысы әкімінің жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Тәйтенова AQMOLA - Adaldyq alańy жобалық кеңсесінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Самира Тәйтенова 1998 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Заң мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Nur Otan партиясының Ақмола облысы бойынша "Жас Отан" филиалында бастаған.