Коронавирустан сауыққандар саны ауырып тіркелгендерден көп - Есмағамбетова
Коронавирустан сауыққандар саны ауырып тіркелгендерден көп - Есмағамбетова
© сурет интернеттен алынды
5,214
оқылды
Бүгінде коронавирустан емделгендер саны 2074-ке жетті. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында тікелей эфир кезінде айтты. «Бүгінде коронавирустан емделгендер саны 2074-ке жетті. Кеше ғана 130 адам емделіп шықты. Бүгін 15 адам емделіп шығады деп жоспарлануда», - дейді Айжан Есмағамбетова. Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде емделгендер саны күн сайын ауырып тіркелгендер санынан көп. «Бұл - өте жақсы көрсеткіш, демек коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақталып келеді деген сөз. Бұл - елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінің нәтижесі. Наурыз айында ауырғандар санының өсуі 150%-ды көрсетсе, соңғы тәуліктерде аурудың өсу көрсеткіші 2,3%-ды ғана көрсетуде. Бір апта ішінде бұл көрсеткіш 5%-дан аспады. Төтенше жағдай режимінің аяқталуы карантин шаралары түгел тоқтайды дегенді білдірмейді. Карантин режимін сақтау керек, бірақ еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жұмсарып отырады», - дейді ол.