Індетке шалдыққандардың үштен бірі сауығып шықты
Індетке шалдыққандардың үштен бірі сауығып шықты
tengrinews.kz
5,125
оқылды
Алматыда коронавирус індеті бойынша жағдай тұрақталып келеді. Соңғы күндері Covid-19 вирусына оң нәтижелер тек карантиндегі адамдардан анықталды. Жаңа жұқтыру ошақтары жоқ. Бүгін  мегаполисте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңадан расталған: кешегі күнгі 13 және бүгінгі 26 жағдайы анықталды. Қазіргі таңда шаһарда жалпы 1622 Covid-19 жағдайы тіркелді. Аталған жағдайлардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантинде болған адамдардан анықталды. Бұған дейін олар вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Стационарларда коронавирустық инфекциядан 1145 адам, провизорлық госпитальдарда 404 азамат емделуде, карантинде – 329 адам және үйде оқшаулауда 15 327 азамат бар. Стационарлардағы Covid-19  вирусы бар 33 емделушінің жай-күйі – ауыр, 237 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған науқастарда симптомсыз жеңіл түрде өтуде. Қазіргі уақытта Алматы қаласында ӨЖЖ аппаратымен емделіп жатқан науқастар да, жай-күйі аса ауыр дәрежедегі науқастар да жоқ. Алматыда аталған вирустан емделіп жатқан адамдардың басым көпшілігінде, дәлірек айтқанда науқастардың 77%-ында бұл сырқат жеңіл түрде өтуде. Яғни халықаралық тәжірибеге сәйкес олар емдеуді қажет етпейді, дегенмен вирусты тікелей тасымалдаушы болып саналады. Егер үйдегі карантинде оларға тиісті жағдайлар жасалса, онда бұл емделушілерді үй карантиніне жіберу мәселелері қаралады. Ал үйде тиісті жағдай жасалмаса, онда карантиндік стационарларда болады. Мысалы, қазіргі уақытта Алматыда ауруы жеңіл түрде жүріп жатқан 68 медицина қызметкері үй жағдайында өзін-өзі оқшаулау жолымен емдеулерін аяқтауға ауруханадан шығарылған. Үйде емдеу толық оқшаулау және пациенттің жай-күйі туралы тұрақты есеп беру жағдайында өтуі тиіс, кез келген өзін нашар сезінген жағдайда дереу дәрігер шақыруы қажет. Тіпті, егер пациент үйде емделуге қалдырылса да, бұл оның жай-күйін бақылауды тоқтату дегенді білдірмейді, ол қоңырау шалу арқылы емхана қызметкерлерінің күнделікті бақылауында болады. Бұдан басқа, олар үйден шықпауға міндеттенетіні туралы ақпараттандырылған келісімге қол қояды. Симптомсыз тасымалдаушыларда коронавирустық инфекция анықталған жағдайда, пациент клиникалық тексерулерден өтіп, 3 күн бойы бақылауда болады және емдеуге жатқызылады, содан кейін ғана үй карантиніне жіберілетіндігін ескеру қажет. Кеше коронавирустық инфекциядан сауығып, 38 адам емдеуден шығарылды. Жалпы мегаполисте емделіп, жазылғандардың саны 468 адамға жетті. Қалада жалпы вирус жұқтырғандар ішінен сауығып шыққан емделушілер саны бүгінде 29,0%-ды құрайды, ал үй карантиніне шығарылғандарды есепке алғанда 33%. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ