Елорда балабақшаларында балаларды анықтамамен қабылдайды
Елорда балабақшаларында балаларды анықтамамен қабылдайды
© сурет интернеттен алынды
326
оқылды
Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейін елордада жұмысын бастайтын балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға қандай талаптар қойылады? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева жауап берді. «Балабақшалар тек жас бойынша кезекші топтармен жұмыс істеуі керек. Ұйықтайтын бөлмеде төсектердің аралығы 1 метрден болуы керек. Бір топта 15 баладан артық болмауы тиіс. Таңертең балабақшаға келетін балалар міндетті түрде тексерілуі керек», - деді Жанна Пралиева онлайн режимдегі баспасөз мәслихаты барысында. Бас санитар дәрігер сонымен қатар ЖРВИ немесе дене қызуы бар қызметкерлер балабақшаға кіргізілмейтінін мәлім етті. «Балалар эпиедиологиялық ортасы туралы анықтамамен ғана қабылданады. Яғни бала мен оның отбасы ауырмайтыны, педиатрда қаралғаны туралы анықтама керек. 65 жастан асқан адамға, аяғы ауыр әйелге, ЖРВИ белгілері бар адамдарға баланы балабақшаға апаруға болмайтыны туралы кеңес береміз. Сонымен бірге балабақшада қолжетімді жерде санитайзерлер болуы керек», - деді ол.