Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады
Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады
© сурет интернеттен алынды
5,162
оқылды
Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел Facebook-тегі парақшасында хабарлады. "Бүгін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аудан және қала ішіндегі посттар алынып тасталды. Бірақ, аудан және облыс шекараларындағы блокпосттар өз жұмысын жалғастырады. Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады", - деп жазды ол. Еске сала кетейік, Алматы облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин режимі кезең-кезеңмен жеңілдетілуде. Қазір облыста жалпы аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер өз жұмыстарын қайта бастады. Сондай-ақ Талдықорғандағы әуежай да іске қосылды. Сонымен қатар, көлік жуу, көлік жөндейтін орындардың жұмысы қайта жанданды.