Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды
Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды
227
оқылды
Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020_kz сайтының Telegram парақшасында хабарланды. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған. Ал Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді. Ал Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады. Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 маусымға дейін созылады.