Кей өңірлерде өзендегі су деңгейі көтеріледі, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«12-15 мамыр аралығында нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының және Алматы қаласының іргелес таулы аймақтарында беткейде ағын пайда болуы мүмкін. Өзендерде су деңгейі көтеріледі», - делінген хабарламада.