Қостанай облысында Ресейге есірткі алып өтпек болғандар ұсталды
Қостанай облысында Ресейге есірткі алып өтпек болғандар ұсталды
© Сурет ғаламтордан
134
оқылды
Қостанайлық полиция қызметкерлері шекарадан есірткі затын өткізбек болған үш жүк көлігінің жүргізушісін ұстады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға бүгін Қарабалық ауданында болған. Полицейлер шекара қызметінің әскерилерімен бірге «Қайрақ» кеден бекетінде тексеру шараларын өткізген Тексеру барысында гашиш пен марихуана есірткі затын жасырған үш жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. «Төтенше жағдай режімі кезеңінде аймақта есірткіге қатысты жалпы саны 43 қылмыс анықталып отыр. Жалпы облыста жарияланған төтенше жағдайға қарамастан есірткі пайдаланушылар саны азаймай тұр. Шектеу енгізілгелі 25 адам есірткі пайдаланғаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, есірткі құралдарын сақтау бойынша 2, есірткі сату бойынша 13, ал есірткі контрабандасы бойынша 3 қылмыс тіркелді», - делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. Жалпы 2020 жылғы қаңтардан бері облыс полицейлері 4 келіден астам есірткі затын тәркілеген.