Ассамблеяның аманаты Мақтааралға жол тартты
Ассамблеяның аманаты Мақтааралға жол тартты
256
оқылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тас­қы­ны­нан зардап шеккен тұрғындарға осыған дейін 16 жүк көлігімен 180 тонна гума­ни­тар­лық кө­мек жіберді. Кеше Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, 8 жүк көлігіне тиелген 98 тон­на азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттар жө­нелтілді. Жүк тиелген керуен жолға шы­ғар алдында ҚХА Төра­ға­сының орынбасары – хатшылық мең­герушісі Жансейіт Түй­ме­баев ақжол тілеп, қайырым­ды­лық көмекке атсалысқан этнос өкіл­деріне алғыс білдірді. Сон­дай-ақ ол Алматы өзбек эт­но­мә­д­ени бірлестігі, Қазақстан ұй­ғыр­ларының республикалық эт­номәдени бірлестігінің фи­лиа­лы, Алматы қалалық ұйғыр эт­номәдени бірлестігі, Қазақ­стан дүнген қоғамының Алма­ты­дағы филиалы, «Ахыска» тү­рік этномәдени бірлестігі мен басқа да орталықтардың еңбегін айрықша атап өтті. Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы 4 мамырда Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету акциясын бастап, этномәдени бірлестіктерден түскен қаржы көлемі 23 млн 325 мың теңгені құ­­­­рады. Алматылықтардан бө­лек, Жамбыл облысы Қордай ау­даны 5 млн 500 мың теңгеге азық-түлік жөнелткен. «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі жі­берген 11 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5 тонна макарон және 1 500 литр өсімдік майы, 5,3 тонна картоп, 500 келі пияз, 300 келі тұз, 1 000 қорап шай өнімі мен 25 келі тұр­мыс­тық-гигиеналық заттарды Мақ­таарал ауданы қуана қабылдап алды. 25 тонна азық-түлікті бі­рауыздан жинап берген дүнген этносының шынайы қолдауы достық, бауырластық сезімдер мен Отанға деген сүйіспеншілік бәрінен биік екенін дәлелдесе керек. – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жө­ніндегі мемлекеттік комис­сия­ның қорытынды отыры­сын­да алдымызға бірталай мақсат қой­ды. Ең алдымен, Қазақстан эко­номикасының өзін-өзі қамту дең­гейін арттырып, өнеркәсіп, энер­гетика, ауыл шаруашылығы, қыз­мет көрсету сияқты басты са­лалардың рөлін нығайту көз­де­ліп отыр. Осы мақсатта 1 мил­лион 700 мыңдай жеке қосалқы шаруашылыққа көңіл бөліп, «Егіс даласынан – дүкен сөре­сі­не дейін» атты пилоттық жобаны бір­неше өңірде бастауды тап­сыр­ды. Этнос өкілдерінің басым бө­лігі осы салада еңбек ететінін ес­керсек, бұл қарапайым шаруа­лар үшін үлкен қолдау, – деді Жан­сейіт Қансейітұлы. – «Жұ­мыс­­пен қамту жол картасы» бағ­дарламасын жүзеге асыруға 1 трил­лион теңгеге жуық қаржы бө­лінді. Бұл да шағын бизнес үшін тиімді қадам. Қолжетімді тұрғын үй құрылысы басталып, елімізде бұрын-соңды болмаған көлемде баспаналар бой көтер­мек. Мемлекет басшысының жалақысы төмен азаматтарға са­лық мөлшерін азайту, халық­тың қарызға батуына жол бер­меу, азаматтардың мүддесін қор­ғау шешімі жұртшылық көңі­лінен шықты деп ойлаймын. Микро және шағын кәсіпкерлік са­ла­сына да ерекше көңіл бөлу, ұлт­тық бизнесті дамыту қаже­т­тігі де күн тәртібіне қойылды. Қа­зақстан халқы Ассамблея­сы­ның кәсіпкерлері бұл көмекті қуа­на қабылдайды және эко­но­миканы өсірудің төте жолы – қоғамдық келісім мен тұрақты­лық­ты сақтау екенін жақсы тү­сінеді. Ел Президенті тұрғын­дар­ды төтенше ахуалдың кез кел­ген жағдайында жедел әрекет ету­ге бейімделуге де шақырды. Тү­бегейлі өзгерістер жасап, жұ­мы­сымызды қайта оңтайлау қа­жет екеніне маңыз берді. Сол се­бепті Қ.Тоқаевтың бұйры­ғы­мен Ақпарат және қоғамдық да­му министрлігі жанынан Эт­носаралық қатынастарды да­мы­ту комитеті мен Қолданбалы этно­саяси зерттеулер институты құрылды. Яғни, этносаралық қа­тынастар мәселесі жаңа дең­гейге көтеріліп, қызметін тиімді түр­де үйлестіретін болады. ҚХА әрдайым Елбасы тапсырмалары мен Президент реформаларына үн қосып, жүзеге асыруға дайын. Бү­гінгі гуманитарлық керуен осы сөзіміздің жарқын дәлелі. Жансейіт Қансейітұлы ха­лық­тың та­ғы бір мәрте ортақ мүд­деге жұ­­мыла отырып, елдік пен ер­лік­тің, бірлік пен келі­сім­нің үл­гісін көрсете алғанына тоқ­­талды. Ассамблеяның қайы­рым­дылық көмегі мұнымен шек­телмейді, Шымкент қала­сын­да Түркістан облысының Достық үйі базасында құрылған Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы­ның республикалық жедел шта­бы мақтааралдықтар үйлерін қай­та салып, орналасып біткен­ше қол ұшын созуды ары қарай жалғастыра береді.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ