Жаңадан құрылатын «Отбасы банкі» баспанасыз отбасыларға қызмет көрсетеді
Жаңадан құрылатын «Отбасы банкі» баспанасыз отбасыларға қызмет көрсетеді
© сурет интернеттен алынды
242
оқылды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады, - деп хабарлады аталған банктің баспасөз қызметі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін даму және қолдаудың «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады. Ол тұрғын үйді есепке алу, тіркеу және бөлуді бір орталықтан атқаратын болады. Қойылып отырған міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкке» беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде «Отбасы банкі» баспанасы жоқ жанұялар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынатын болады», – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. Тұрғын үй қолжетімділігі сатысы белсенді түрде арта түседі. Күнкөріс минимумынан (КМ) төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. Екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін табысы бар, бірақ баспанасы жоқ отбасылар (көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты Отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 күнкөріс минимумына дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилотты жобасына қатыса алады.