Чернояркада орталық су құбыры мен қазандық салынып жатыр
Чернояркада орталық су құбыры мен қазандық салынып жатыр
205
оқылды
Павлодар облысындағы Черноярка ауылы 1994 жылы таратылған соң 16 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары (788  адам) орталық жылыту жүйесінен ажыратылып, жылуды дербес қолдануға мәжбүр болды. Ауылда 1,3 мың тұрғын, 458 бірқабатты және 16 көпқабатты үй бар. 1972 жылдан бері мұнда қатты отынмен қызатын қазандық жұмыс істейтін. Әлеуметтік нысандар электр қуатымен жылытылады. Қазір 16 көпқабатты үйде 357 пәтер бар, оның 149-ы бос тұр.  width= 2019 жылдың сәуір айында 739,4 млн теңгеге қазандық салуға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жер учаскесі бөлінді.  Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасына жобаны 553 млн теңгеге арзандату бойынша түзету енгізілді. Жобаны іске асыру кезінде 16 көпқабатты үйді және 5 ұйымды ( мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігер амбулаториясы, ауыл округі әкімінің аппараты) орталық жылыту жүйесімен қамту қарастырылған.  width= Сондай-ақ ауылда орталық сумен жабдықтау жүйесі жоқ. 2019 жылы Черноярка ауыл округінде  Новочерноярка және Черноярка ауылдарын қамтитын орталық су құбырының құрылысы басталды.  Жобаны іске асыру 2 жылға жоспарланған (2019 - 2020 жж). Құны 912,7 млн теңге. Сонымен қатар ауылда көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару, тұрғын үй, көлік қатынасы мәселесі бар.