Каскадерлер телефон экраны арқылы бір-бірін "ұрып-соқты"
Каскадерлер телефон экраны арқылы бір-бірін "ұрып-соқты"
184
оқылды
Nomad stunts-тың қазақстандық каскадерлері әлеуметтік желідегі челленджге қосылды. Ролик кейіпкерлері карантин кезінде әлемнің әртүрлі елінде бола тұра, телефон экраны арқылы бір-бірін "ұрып-соғады". Челленджге 35 каскадер қатысқан. Олардың әрқайсысы карантинде. Біреуі өз ауласында демалып отырса, біреуі ас бөлмесінде тамақ әзірлеп жатыр. Видеомонтаждың көмегімен каскадерлер адамды телефон экраны арқылы қалай "ұрып-соғуға" болатынынын көрсеткен. Nomad Stunts – бұл кәсіпқой қазақстандық каскадерлер тобы. Оны 2000 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері  Жайдарбек Кунгужинов құрған. https://www.instagram.com/tv/CACr8cHjbmG/