Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыз парағын беру процесі қатаң қадағаланатын болады
Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыз парағын беру процесі қатаң қадағаланатын болады
© Pixabay
305
оқылды
Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар дәрігерлердің емделуге байланысты уақытша еңбекке жарамсыз парағын берудегі жауапкершілікті арттыруды көздейтін денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулері бар заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына енгізілген түзетулерге сәйкес, медициналық қызметкерлердің емделуге байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру көзделген.
Атап айтқанда, бұл құқық бұзушылық қайталанған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы маманның куәлігінен айыру немесе әкімшілік айыппұл түрінде жазалау ұсынылады.
Бұған дейін Қазақстаннан адам ағзаларын шетелге шығаруға тыйым салатын заң жобасын Мәжілістің мақұлдағаны белгілі болды.