Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлек биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлек тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады. Айта кеткен жөн, ҰБТ аяқталғаннан кейін 25 тамызға дейін бейнебақылау жазбасы талданып, оқуға түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ және білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі жойылады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 130 мың адам ниет білдірген.