Ұлы Отан соғысын еске алған онлайн дөңгелек үстел өтті
Ұлы Отан соғысын еске алған онлайн дөңгелек үстел өтті
380
оқылды
2020 жылдың 13 мамыры күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы бірлесіп онлайн режимде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Казахстан в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.: историческая память и вызовы современности» халықаралық дөңгелек үстелін өткізді. Халықаралық онлайн-диалог жұмысы дөңгелек үстелдің модераторлары - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В. Сидорович және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә.Т. Жоламановтың кіріспе сөздерімен ашылды. Халықаралық дөңгелек үстелге қазақстандық және ресейлік ғалымдар қатысты. Шара барысында Ұлы Отан соғысының тарихын түсінудің әртүрлі мәселелеріне қатысты тақырыптағы баяндамалар ұсынылды, мысалы: Ұлы Отан соғысына қазақстандық жауынгерлердің қатысуы (ҚР Ұлттық архивінің құжаттары бойынша), 1941-1942 жж. Мәскеу түбіндегі шайқастағы қазақстандық панфиловшылардың өлмес ерлігі, Ұлы Отан соғысы туралы мифтер мен Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы әскери-өнеркәсіптік кешенінің қызметі мен құрылуы мәселелері, 1941-1943 жылдары Қазақстанға эвакуацияланған халықтың бейімделу тәжірибесі, Қазақстанның әйелдері Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерліктері, 1941-1943 жылдары Чистополь мен Елабугаға жазушыларды эвакуациялау,  Қарағанды Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданның тыл базасы болуы, Қазақстанға эвакуацияланған КСРО Ғылым академиясы және басқа да ғылыми мекемелер ғалымдарының ғылыми және білім беру қызметі, Соғыс кезіндегі Қазақстанның мәдениеті, Соғыс онтологиясы, Ұлы Отан соғысы және халықтар достығы. Онлайн режимінде өткен халықаралық дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Сидорович және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә.Жоламанов қатысушыларға мазмұнды баяндамалары, қызықты және жемісті пікір алмасулары үшін алғыстарын білдірді.